ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Токио қаласында (Жапония) «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін перспективалар» тақырыбына Қазақстандық-Жапондық бизнес-форум жұмысын бастады. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің және Жапониядағы ҚР Елшілігінің қамқорлығымен өтіп жатыр. Қазақстандық делегацияны басқарған ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров. Сонымен қатар, форум құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер енді.

Форум қатысушылары Қазақстандық-Жапондық бизнес-қатынастар саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердегі инвестициялық мүмкіндіктерді, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылап жатыр.

ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров өзінің сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген сипатқа ие.

«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкімет аралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Барлық осы шаралар іскерлік байланыстардың белсендірілуіне және елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының қатарына енеді. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Ерлан Хаиров.

Хаиров мырзаның айтуынша, соңғы 10 жыла, инвестициялық климатты жақсарту бойынша мақсатты жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан астамын құрады.

Сонымен бірге, вице-министр осы жылы «бір терезе» принципі бойынша идеялардан бастап жүзеге асырылғанға дейін  инвестициялық жобаларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының арнаулы экономикалық зонасы бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет етуді қамтамасыз ететін  Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту бойынша Kazakh Invest ұлттық компания құрылғандығын атап өтті.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов: «Жапония, еш күмәнсіз, технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылады. Қазақстан, жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз».

Жапондық тараптан Форум саяси және қоғамдық қайраткерлерді, дипломаттарды, сарапшыларды, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшыларын жинады. Форумға қатысып жатқан жапондық компаниялар экономиканың келесі салаларын ұсынады: автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б.

Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік қою орындарын салуға маманданатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізіп жатыр.

Қазақстандық делегацияның сапарының бағдарламасына сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару енеді.

Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форумды, сондай-ақ семинарды өткізу жоспарланады.

Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және т.б. сияқты екі елдің ынтымақтастығы жөнінде бірқатар құжаттарға қол қою күтіледі.

Анықтама үшін:

2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады.